Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) қазақстандықтардың білім алу үшін қаражат жинақтауына көмектеседі. Оны "AQYL" депозитінің көмегімен іске асыруға болады.
Қазіргі таңда Отбасы банктегі "AQYL" депозитінің ең кішкентай ұстаушысы – Ақтаудың екі апталық нәрестесі. Ол отбасындағы төртінші бала. Оның ата-анасы Отбасы банктің көмегімен өз үйлеріне қаражат жинақтап, жақында ғана қоныстойларын атап өтті. Енді анасы мен әкесі аздаған соманы ақырындап жинай отырып, өз балаларының білім алуы үшін банкте ақша жинақтап жатыр.
"AQYL" депозитінің ең үлкен салымшысы – Жаңаөзеннің 60 жасар зейнеткері. Ол жинақ ақшаны болашақта немересіне беру мақсатында, ақша жинақтауды ұйғарды. Қазір немересі 3 жаста. Әжесі немересінің жақсы білім алуын армандайды.
Сондай-ақ, "AQYL" депозиті көпбалалы отбасылар арасында өте танымал. Отбасы банкте бес, алты немесе жеті баласы бар отбасылар білім алу үшін шоттар ашып жатыр. Таразда тұратын ерлі-зайыптылар "AQYL" депозитін ашу бойынша рекорд жасады. Олар 8 бала , яғни үш қыз және бес ұл тәрбиелеп отыр. Солардың әрқайсысының білім алуы үшін депозит ашқан.
Балаларының болашағы қазірден бастап ойлайтын ең көреген ата-аналар Шымкентте, Маңғыстау облысы мен Алматыда тұрады екен. Өйткені, дәл осы өңірлерде білім алу депозиті басқа өңірлерге қарағанда жиірек ашылады.
Орта есеппен қазақстандықтар күніне 140 білім алу депозиттерін ашады екен. Төрт ай ішінде, яғни ақпан мен мамыр аралығында, банкте 16 700-ден астам "AQYL" шоты ашылған. Бұл ретте депозиттердің 93%-ы балалар үшін ашылған. Бұл ата-аналардың ұлдары мен қыздарының болашағына саналы түрде қарайтындығының дәлелі.
- Осы жылы Отбасы банк мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушысы болды. Енді біз қазақстандықтарға тұрғын үйге ақша жинақтауына ғана емес, сонымен қатар білім алу үшін қаражат жинақтауына көмектесеміз. Жаңа өнім қазақстандық ата-аналардың көңілдерінен шықты. Өз үйлерін сатып алу кезіндегі жинақтаулардың артықшылығын бағалай отырып, олар енді балаларының білімі үшін де қуана-қуана ақша жинақтауда. Мысалы, қазір Отбасы банктегі «AQYL» депозиттерінің біріндегі жинақтаулардың ең көп сомасы 2,4 млн теңгені құрайды, деп - Отбасы банк Басқармасының Төрайымы Ляззат Ибрагимова түсіндіріп өтті.
"AQYL" депозитіне қаражатты алдын ала жоспарлы түрде жинақтай отырып, болашақта қазақстандық немесе шетелдік білім беру ұйымдарында оқу ақысын төлеуге болады.
"AQYL" салымын 3 жыл немесе 5 жыл мерзімге ашуға болады. Егер депозит кемінде үш жыл мерзімге ашылатын болса, онда депозит бойынша мөлшерлеме жылдық 12%-ға тең (ЖТСМ 12,9%-дан 13,1%-ға дейін). Егер депозит кемінде 5 жылға ашылатын болса, онда депозит бойынша мөлшерлеме жылдық 9,5%-ға тең (ЖТСМ 9,5%-дан 10,1%-ға дейін).
Маңыздысы, Банктің есептелген сыйақысы ай сайын капиталдандырылады. Бұл банк пайызы депозит сомасына қосылатындығын және келесі айда осы ақшаға жаңадан сыйақы есептелетіндігін білдіреді.
Бұл депозиттің ең үлкен артықшылығы. Мерзімі, пайыздық мөлшерлемесі және капиталдандырылуы жиынтық түрде салымды тиімді түрде көбейтеді.
Мысалы, егер де үш жыл ішінде ай сайын 20 мың теңгеден салынса, онда "AQYL" депозиті бойынша табыстылық, салымдармен қоса, шамамен 250 мың теңгені құрайды. Егер он жыл ішінде ай сайын 20 мың теңгеден салынса, онда депозиттің табыстылығы бірнеше есеге өсіп, шамамен 4 млн теңгені құрайды.
Балалардың біліміне қаражат жинақтау кезінде мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?
- жыл сайын салымшылардың барлық санаттары үшін 5% мөлшерінде сыйлықақы есептейді;
- жыл сайын жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, көпбалалы және табысы төмен отбасылардың балаларына ашылған депозиттерге 7% мөлшерінде сыйлықақы есептейді;
Мемлекет сыйлықақысын есептеу үшін салым бір жыл жинақталуы тиіс.
"AQYL" депозитін ашу кезіндегі міндетті бастапқы жарна мөлшері 3 АЕК-ке немесе 11 076 теңгеге тең (2024 жылы). Әрі қарай, депозитті ай сайын толықтыру мөлшерін салымшы өз бетінше белгілейді.
"AQYL" депозитін қалай ашуға болады?
- Баспана маркет порталындағы (otbasybank.kz) жеке кабинетте;
- банк бөлімшелерінде;
- банктің кеңес берушілері көмегімен. Олардың тізімін банктің https://hcsbk.kz/ru/network-agents/ сайтынан табуға болады.
- банктің https://videokzbroker.hcsbk.kz/files/client -registrator/#/call/register?source=vneshniy_sait сайтына бейне-қоңырауға тапсырыс беру арқылы;
- Отбасы банктің "Otbasy bank lite" жаңа мобильді қосымшасында.
"AQYL" депозитінің артықшылықтары:
- мемлекет пен үшінші тұлғалардың өндіріп алуларынан қорғалған, яғни бұл шотты бұғаттау немесе одан қаражат алу мүмкін емес.
- Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорында сақтандырылған;
- грантқа ие болған жағдайда, жинақтау депозитін жауып, мемлекет сыйлықақысымен бірге жинақ ақшаның бүкіл сомасын алуға болады. Сондай-ақ, шотты басқа балаға қайта ресімдеуге немесе мәселен, магистратураға түсу мақсатында жинақтауды жалғастыруға болады.
- Отбасы банктегі "AQYL" депозитін Ұлттық қордан алынған жинақтармен толықтыруға болады. Биыл 18 жасқа толған қазақстандықтар осы төлемдерге иелік ете алады. Оны "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында enpf-otbasy.kz платформасында іске асыруға болады
***
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. 2022 жылы банк Ұлттық ESG клубының негізін қалаушылардың бірі болды. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.